Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Киік пен күйек: мүйізі үшін қатарын сиреткен текелер қырылып жатыр (ВИДЕО)

"Қырды ғой ақбөкендерді. Текелерін атып алады. Сосын бір теке 50-60 аналықты қашырады..."

Киіктерге қамқорлық танытуды сұраймыз🙏🏼 Дәл қазір киіктерді қорғау мен олардың жағдайларын бақылау шаралары...

Опубликовано Samal Ibrayeva Суббота, 9 января 2021 г.
Киік пен күйек: мүйізі үшін қатарын сиреткен текелер қырылып жатыр (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Самал Ибраева өзінің Facebook-тегі парақшасына қазіргі күйек кезінде киік текелерінің әлсіреп өліп жатқанын жазып, дабыл қақты, деп жазды paryz.kz.

"Дәл қазір киіктерді қорғау мен олардың жағдайларын бақылау шаралары күшейтілуде. Біздің инспекторлар бұл бағытта күні-түні жұмыс жүргізуде. Соңғы күндері ақбөкендер Қарағанды және Ақмола облыстарының елді мекендері мен автомобиль жолдарының маңында жиі байқала бастады. Олардың ішінде әлсіреп қалған мүйізді киіктер көп. Бұл - 2020 жылдың желтоқсан айында өткен күйек кезеңінің салдары", - дейді ол.

Бұдан бөлек, қалың жауған қар мен күннің күрт суытып, ауа температурасының -40 градусқа дейін төмендеуі де ақбөкендердің жағдайына кері әсерін тигізген көрінеді.

"Аталған факторлар киіктердің тіршілігін, азықтандырылуын қиындатып, өміріне қауіп төндіріп жатыр. Жыл басынан бері 14 киік өлімі тіркелді. Мұндай жағдайда жануар браконьерлер үшін қолжетімді бола түседі. Осыған байланысты, комитет әлсіреген киіктерді азықтандыруды көздейтін биотехникалық іс-шараларды да жүргізуде. Азаматтарға әлсіреген жабайы жануарларды байқаған жағдайда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне мына нөмірлер бойынша 8 777-678-52-52; 8 775-569-92-21 хабарлауды, оларға қамқорлықпен қарауды сұраймыз", - дейді Самал Ибраева.

Ал жазба астына пікір қалдырған Асан Есжанов есімді азамат:

"Қырды ғой ақбөкендерді. Текелерін атып алады. Сосын бір теке 50-60 аналықты қашырады. Ақырында әбден әлсіреп, шөп жейтіндей қауқары болмай қалады", - деп тағы бір шындықтың бетін ашып көрсетті.

Қалыбай Сағидуллин атты желі қолданушы да осы пікірде.

"Басқақ болған ғой. Текелері өледі. 1000 катынға 1 еркек деген сияқты. Өздерің түсінерсіңдер. 1993 жылы көргем", - дейді ол.