Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болды, деп хабарлайды Paryz.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Алматы полициясы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.
Айта кетсек, кейбір БАҚ жазғандай бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болған.