Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Қостанайда тойдан кейін бірін-бірі пышақтағандар қамауға алынды

Қостанайда полиция қызметкерлері үйлену тойында болған жанжалға қатысқан 6 адамды ұстады.

Қостанайда тойдан кейін бірін-бірі пышақтағандар қамауға алынды
фото: Halyq Uni

Облыстық ПД мәліметінше, 1 қазанға қараған түні полицияға Қостанайдағы мейрамханалардың бірінің жанында бірнеше адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына дереу келген полицейлер Қостанай қаласының ПБ Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді. Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды. Үйлену тойынан кейін Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында қонақтар арасындағы жанжалдың арты бірнеше ер адамның төбелесіне ұласқан. Оның барысында ер адамның бірі өзгеге пышақ салған.

Жауап алынған 56 жастағы тұрғын қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармады. Оқиға салдарынан жарақат алған 27 жастағы адам ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.