ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы Қазақстанның бірқатар өңірінде басталып кетті:
Астана қаласында; Ақмола облысы; Шығыс Қазақстан облысы; Қарағанды облысы; Павлодар облысы; Қостанай облысы; Солтүстік Қазақстан облыстары.
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% - ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% - ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8% - ы қосылған.
Министрлік қалған өңірлерде жылу қашан қосылатынын айтты:
3 қазанда Алматы облысында;
10 қазанда Ұлытау облысында;
15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында.
Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарлануда.