Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкент тұрғыны інісіне бүйрегін берді

Шымкентте кезекті бүйрек трансплантациясы сәтті өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент тұрғыны інісіне бүйрегін берді
Фото: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

N1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен ағза алмастыру отасын дәрігерлер екі кезеңмен жасады. Білікті дәрігерлер командасы донордан бүйрек алып, кейін ағзаны рецепиентке хирургиялық жолмен салып берді.

Рецепиент 2001 жылғы, сырқатына байланысты 6 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Науқасқа 1996 жылғы туған ағасы бүйрегін берді. Операция сәтті өтті. Екі пациенттің отадан кейінгі жағдайы жақсы.

Дәрігерлер ағзасын берген азаматты ауруханадан үйіне шығарды. Мұндай ота бүйрек жетіспеушілігімен есепте тұратын науқастардың сауығып кетуіне зор мүмкіндік береді» - делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.