Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алматыда жекеменшік мектепте 1-сынып оқушысы зорланған: полиция пікір білдірді

Алматының халықаралық мектебінде жеті жасар баланың зорланғаны жайлы «НеМолчи» қоғамдық қоры хабарлады. Қордан жәбірленушінің анасы көмек сұраған, деп хабарлады Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Алматыда жекеменшік мектепте 1-сынып оқушысы зорланған: полиция пікір білдірді
фото: polisia.kz

Қордың хабарламасында айтылғандай, баланың анасы қорға 13 қыркүйекте жүгінген.

«Ол ұзақ уақыт бойы БАҚ-қа шығудан тартынып, жариялылықты қаламады. 2 апта өтті. Бұл уақыт полицияның тергеу жүргізіп жатқанына, сараптамаға қаулы беріп, осы сараптаманы жүргізіп жатқанына көз жеткізу үшін жеткілікті», - деді қордың басшысы Дина Таңсәрі.

Қала полициясы бұл дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

«Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды», - деді Алматы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Сондай-ақ қылмыстық іс ҚР ҚК 121-бабы 3-бөлігі бойынша Бостандық ауданы жанындағы бөлімде тергеліп жатқаны айтылды.

«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», - деп қорытындылады полиция.