Бұл жаман көрсеткіш емес...
Бүгін Сербияда бокстан қыздар арасында өткен "Ұлттар кубогі" Х халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады paryz.kz.
Cонымен, қазір қазақстандықтардың еншісінде 7 медаль бар. Атап айтқанда, 5 боксшы қыз алтын, біреуі күміс және 7-шісі қола медаль еншіледі.
Алтыннан алқа таққандар - 48 келіде Арайлым Марат, 54 келіде Дина Жоламан, 57 келіде Владислава Кухта, 60 келіде Римма Волосенко және+81 келі салмақ дәрежесінде Ләззат Күнгейбаева. Ал күміс жүлдені Гүлсая Ержан қанағат тұтса, Валентина Хальзова қолаға қол жеткізді.
Бұл жаман көрсеткіш емес. Себебі халықаралық турнирде ел намысын қорғауға барлығы 9 боксшы ғана барған болатын. Соның 7-еуі тұғырдан көрініп отыр.