Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

ҚМДБ мешітте баланы ұрған имамды жұмыстан шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы мешітте болған оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

ҚМДБ мешітте баланы ұрған имамды жұмыстан шығарды
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода мешітте намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы сапта тұрған имам ұрып жіберген, бала соққыдан құлап түседі.

Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы «Хидаят» мешітінде болғаны анықталды.

«Келеңсіз оқиғадан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік қызметкерлері, Шелек ауылының тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті. Жиында "Хидаят" мешітінің имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді», - деп хабарлады ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінен.

Сондай -ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жағдайға байланыста тиісті қорытынды шығарып, өрескел әрекетке жол берген дін қызметкеріне шара қолданғаны айтылды.

«Бас мүфтидің бұйрығымен «Хидаят» мешітінің имамы жұмыстан шығарылды.Алдағы уақытта мұндай оқиғалар орын алмас үшін, өзге имамдармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,- делінген мәліметте.