Қарағанды облысында ұщақ апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Paryz.kz.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бүгін Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін байланысқа шықпаған.
Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды. Екі адам қаза тапты. Көлік министрлігінің оқиғаны тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады, – делінген хабарламада.
Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан 5 шақырым жерде болды.