Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Атамекен ұлттық кәсіпкерлік палатасына – 10 жыл

Биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының құрылғанына – 10 жыл. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлік палатасы 100 мыңға жуық кәсіпкерге және кәсіп бастауға ниетті азаматқа кеңес берді. Сонымен қатар 12 мыңнан астам кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Атамекен ұлттық кәсіпкерлік палатасына – 10 жыл
фото: Атамекен

Жалпы, 2014 жылдан бері кәсіпкерлік палатасының тікелей ықпалымен 2,5 мыңнан астам бизнес-жоспар әзірленіп, 4 млрд 165 млн теңгені құрайтын 832 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында облыстағы 5 кәсіпкер Германияда тағылымдамадан өтті. Ал «Аға сеньорлар» жобасы аясында 9 кәсіпкерлік субъектісі шет ел сарапшыларын тартып, өз біліктіліктерін арттырған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов хабарлады.

–Кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бері облыс әкімдігімен бірге кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға арналған бірнеше орталықтар ашылып, өз жұмысын бастады. Атап айтқанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы ашылып, кәсіпкерлер үйі құрылды. Бүгінде аталмыш орталықта облыстық кәсіпкерлер палатасы, рұқсат беру құжаттарымен айналысатын кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы мен «Атамекен Қызылорда» микро қаржы ұйымы, «Аграрлық-несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалы орналасқан. Осы қарқынды жұмыстардың арқасында былтыр

«Атамекен» ҰКП-ның барлық өңір кеңесшілерін аттестациялауда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері үздік үштіктер қатарына енді. Сондай-ақ, көрсетілген сервистік қызметтер бойынша біздің өңір Астана қаласынан кейінгі 2-ші орында, ал ақпараттық қызмет бойынша 3-ші орында екенін айтқым келеді. Бұдан бөлек, палата мамандарының тұрақты сүйемелдеуі нәтижесінде қызылордалық кәсіпкерлер жыл сайын «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздары атанып келеді. Бүгінде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңес, кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі, іскер әйелдер кеңесі, «Бухгалтерлер клубы» тұрақты жұмыс істеп, саланың дамуына айтарлықтай үлес қосуда, – деді Пірмұхаммед Айтбайұлы. 

Автор: Жансая Нұрқожа