Бүгін қалалық мәслихат отырысында елордада жерасты метро салу идеясы көтерілді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ұзақмерзімді ұсыныс – елордада жерасты метрополитенін салу туралы ойлану керек. Бейбіт уақытта ол жол қозғалысы қызметін атқарады. Төтенше жағдай қаупі төнсе метро жерасты бомбадан қорғанатын орынға айналады, - деді депутат Динара Оразалина мәслихатта өз пікірін ортаға салып.
Оның мәлімдеуінше, аталған объектіні салу арқылы бірнеше мәселені шешу мүмкіндігі бар.