Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Алдағы демалыс күндері елімізде күн райы суытуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйек пен 2 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы демалыс күндері елімізде күн райы суытуы мүмкін
фото:celes.club

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер ықпалынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.

«1 қазанда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында жауын-шашын болады, Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен көктайғақ түріндегі қатты жауын-шашын болады. Ал республиканың батысында ғана ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фон сақталады. Еліміздің басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.

Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында түнде 0-8 градус жылы, күндіз 10-23 градус жылы, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылы, күндіз 18-25 градус жылы болады. Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.