Астанада ереже бұзған екі көліктің бірі аялдамадағы адамдарды қағып кетті (ВИДЕО)

Астана қаласында рөлге ие бола алмаған көлік жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті.

Полиция мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы 08:31-де болған.

29 қыркүйекте сағат 08:31-де Mеrcedes-Benz автокөлігі А. Байтұрсынұлы көшесімен Т. Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан Mazda көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан Mazda көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр. Қаза тапқандар жоқ, ал жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.