Азия ойындары - 2023: тағы бір спортшымыз қола медальға ие болды

Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді, деп хабарлайды спорт және туризм министрлігі.

Азия ойындары - 2023: тағы бір спортшымыз қола медальға ие болды
фото:

Бейсенбаев жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтті.10 км жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25.

Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға(1:51:49) бұйырды.