Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

Батыс Қазақстан облысына қарасты Орал – Тасқала тасжолында көлік апаты болып, екі бірдей жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Фото: видеодан скриншот

ЭБҚО полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 28 қыркүйекте сағат 00:05 шамасында болған.

46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Тойота Камри» автокөлігі мен 82 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Volkswagen golf2» автокөлігі соқтығысып, соның салдарынан екі көліктің де жүргізушілері алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды, - деді БҚО ПД Орал қалалық ПБ Патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Еламан Уәлиев.

«Тойота» көлігінің 1961, 1957 және 1943 жылы туған жолаушылары облыстық ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.