Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Абай облысында басқарма басшысы мен полицейлер пара алған

Абай облысында басқарма басшысы мен полицейлер пара алған, деп хабарлады Paryz.kz.  

Абай облысында басқарма басшысы мен полицейлер пара алған
Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің мәліметінше, көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері парамен әшкереленген.

Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші-қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген Антикор хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.