Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

БҚО-да жол апатынан 23 жастағы әйел адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысындағы Орал – Атырау тасжолында екі көлік соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

БҚО-да жол апатынан 23 жастағы әйел адам қаза тапты
фото: egemen.kz

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болған.   

«Toyota көлігінің 22 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, 36 жастағы ер адам басқарып келе жатқан Volvo көлігімен соқтығысқан. Toyota көлігінің 23 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жол апатынан 2021 және 2023 жылы туған екі бала да зардап шекті. Олар санитарлық авиациямен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. БҚО денсаулық сақтау басқармасы балалардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отырғанын хабарлады.

«Тайпақ ауылындағы ауруханаға 1997 жылы және 2001 жылы туған тағы екі зардап шегуші жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты. Олар амбулаторлық емдеуге жіберді», - деді дәрігерлер.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.