Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев «ӨКМ операторының» ісі бойынша Әлия Назарбаева туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бізге ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Егер қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, тиісті органдар қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдауы керек. Бізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бар, Экономикалық тергеу қызметі, Ішкі істер министрлігі сияқты ондай бірнеше орган бар. Егер қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы тиіс. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ», - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.