«Қалыңдығы 20-30 сантиметр»: Марқакөлде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстандағы Марқакөл қорығына қалыңдығы 20-30 сантиметрге дейін жететін қар жауды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Қалыңдығы 20-30 сантиметр»: Марқакөлде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бұл Марқакөл қорығына жауған алғашқы қар. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Биыл ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алғашқы қар Марқакөл қорығында жауды. Екі күн бойы толассыз жапалақтаған қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрге дейін жеткен, - делінген хабарламада.