Алматыда кәсіпкерлерге қолдау бар

Бүгін Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қалалық филиалы индустриалды аймақтағы өнеркәсіптің жұмыс барысымен таныстырып, пресс-тур ұйымдастырылды. Жалпы шаһарда «Кепілдендіру» бағытында 474 жобаға 19,9 млрд теңге бөлінген, –  деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда кәсіпкерлерге қолдау бар
Фото: Baq.kz

«Бижан» компаниясының Қазақстанда 2 зауыты бар: бірі Алматыда болса, екіншісі Көкшетау қаласында. Бұл кәсіпорын жыл сайын сапалы шұжық пен ет өнімдерінің 100-ден астам түрін шығарып отыр. Компанияның нарықта қызмет етіп жатқанына 25 жыл. 

«Алматы қаласында 235 адам жұмыс істейді. Бізде жұмысшыларға барлық жағдай жасалған, түскі ас, киім, алып барып, алып кету қамтылған. Алматы қаласында 20 фирмалық дүкен бар, Астана қаласында 8 дүкеніміз бар. Өнім еліміздің барлық қаласында таратылады. Нарықта бәсекелестікке төтеп беріп отырмыз. Өнімдеріміз 18 күнге жарамды, бұл табиғи өнім екендігін аңғартады. Ал шетелден келетін ет өнімдерін қарасаңыз, 60 күнге дейін жарамды. Бұлардың құрамы күмәнді екенін аңғаруға болады. Бізде әртүрлі ет өнімдері жеке-жеке әзірленеді. Сол себептен өнімінің табиғилығына алаңдауға еш негіз жоқ», – дейді директордың орынбасары Бақытжан Қадырбаев.

Келесі нысан «Комбинат Светопрозрачных Конструкций» ЖШС, бұл компания 2021 жылы тіркелген.

«Біз металл пластиктен кез келген күрделіліктегі витраждар, терезе және есік жүйелерін өндіру және орнату бойынша жұмыстарды орындаймыз. «Center Leasing» ЖШС арқылы өз қызметін кеңейту үшін компания Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша инвестицияға қаржы алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 21,75%-дың 13,75%-ын құрайды. Жұмысшылардың жалақысы тұрақты төленеді. Жас жұмысшылардың саны артып келеді, егер жұмысқа құлшынысы жоғары жандар болса, жұмысқа қабылдаймыз, – дейді «Комбинат Светопрозрачных Конструкций» ЖШС директоры Андриянова Марина.

Ал Алматы қаласындағы ZAMAN» элиталық қазақ мектебі» ЖШС салу үшін компания «Bereke Bank» АҚ-нан қаржыландыруға өтінім беріп, «Басым жобаларды несиелеу және қаржылық лизинг тетігі» бағдарламасы бойынша жылдық 15%-бен несие алды, оның 9%-ын «Даму» АҚ Қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (Исламдық қаржыландыру) шеңберінде «Al-Hilal Ислам Банкі» АҚ жылына 14%-бен несие алып, оның жылдық 8%-ын «Даму» қоры субсидиялайды, қалған 6%-ын кәсіпкер төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қалалық филиалы индустриалды аймақтағы өнеркәсіптің жұмыс барысымен таныстырып, пресс-тур ұйымдастырған болатын.