Алматының іскерлік белсенділік индексі өткен айда 55,2% болды

Қала экономикасы басқармасының мәліметінше, аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласы елімізде көш бастап тұр. 2023 жылдың тамызында іскерлік белсенділік индексі 55,2% болды, - деп хабарлайды Paryz.kz.

 

Алматының іскерлік белсенділік индексі өткен айда 55,2% болды
фото: Алматы қаласының әкімдігінен

2023 жылдың басынан мегаполистің барлық ауданында оң динамика байқалады. Жалпы белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15,5%-ға өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны биыл 1 тоқсанында 21%-ға, яғни 871,9 мың адамға дейін өсті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері осы жылдың 1 тоқсанында 14,1% өсіммен өнім шығарды, бұл 3 884,7 млрд теңге. Жетісу ауданында өнім шығару 6,3% төмендеген, ал барлық басқа ауданда өсім байқалады», - деп хабарлады кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Шағын бизнес қызметін жандандыру үшін Almaty Business аясында басым салаларды қолдаудың жаңа құралдары әзірленді. 

2023 жылы ШОБ-тың ЖӨӨ-ге салымын 60%-ға дейін артады деп болжанып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 57,8% болды, деп қорытындылады қалалық әкімдік өкілі.

Осы жылдың алғашқы тоқсанында жалпы өңірлік өнім көлемі 4775468,6 млн. теңгені құрады. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жалпы өңірлік өнім 13,9% өсті. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 8,1% құрады, қызмет – 83,3%.

Ал биылғы жылдың үш тоқсанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1304 млрд. теңгені құрады, бұл сәйкесінше 2022 жылғы қаңтар-тамызға 121,7% құрайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 20,2% өсті, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 27% өсті, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,7% өсті.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 1588,6 млн. теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 13,6% азайды. Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 322271,2 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 3,8% артық. «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 110,9% құрады. Жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 12534 млн. т-км құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 129,6%. Жолаушылар айналымының көлемі 10411,9 млн. ж-км құрап 31,5% артты.

Сонымен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 876905,4 млн. теңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,1% артық.

Естеріңізге сала кетейік, қала экономикасы басқармасының мәліметінше, аталған көрсеткіш бойынша Алматы қаласы елімізде көш бастап тұр. 2023 жылдың тамызында іскерлік белсенділік индексі 55,2% болды