Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қарттар күніне берілетін ақшалай көмектің көлемі белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қарттар күніне және Республика күніне біржолғы материалдық көмек берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz SputnikҚазақстанға сілтеме жасап. 

Қарттар күніне берілетін ақшалай көмектің көлемі белгілі болды
© Photo : Julita

Министрдің айтуынша, бүгінде жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ кәсіпкерлердің ақшасына егде жастағы адамдарға сан алуан көмек жасалады. Биыл екі мереке кезінде біржолғы ақшалай көмек те беріледі.

"Қарттар мерекесіне орай Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан мен Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне - 25 қазанда Ақмола мен Павлодар облыстарында 234 мыңнан астам аға буын өкіліне 2-10 АЕК (6 900 – 34 500 теңге) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі", - деді

Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 2,3 миллион зейнеткер тұрады.