Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Азиададағы спорт киіміміз сын көтермейді» - министрлік жауап берді

Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында маунтинбайктен Қазақстан құрамасының спортшысы Алина Сарқұлова спорт киімдерінің сын көтермейтінін, аяқ киім мен жейденің жыртыла беретінін айтып, видео жариялаған болатын.

«Азиададағы спорт киіміміз сын көтермейді» - министрлік жауап берді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Мен кроссивкимен екі рет қана жүрдім. Екінші рет кигенде жыртылып кетті. Жейдемді қараңыздаршы жіптері сөгіліп жатыр, – деген еді ол.

Бүгін Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы ұлттық құрама спортшыларының киіміне байланысты мәлімдеде жасады.

Қолданыстағы қаулыға сәйкес кез-келген спорттық киім-кешек отандық тауар өндірушілерден сатып алынуы керек. Ондай тәжірибе бар. Ұлттық құрамалар ірі жарыстарға  киім-кешекті тек отандық өндірушілерден ғана сатып алады.

Қазақстанда да осы тәжірибе бойынша спорттық форма отандық өндірушілерден сатып алынды.

Дизайн, мата сапасы мәселелері федерация өкілдерімен талқыланды. Шешім алқа отырысында  қабылданды. Спортшылардан комитетке шағым түскен жоқ, - делінген мәлімдемеде.