Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жасөспірімдер арасындар вейп пен энергетикалық сусынды азайтудың жолдарын атап өтті, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Халықтың саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мәселелері. Елімізде ересек тұрғындардың 21%-ы темекі тартады, балалардың 20%-ы артық дене салмағынан, ал 6%-ы семіздіктен зардап шегеді. 11-15 жастағы жасөспірімдердің вейптерді тұрақты түрде шегуі - 10%-ды, энергетикалық, тәтті сусындарды ішуі -17,5%-ды, артық дене салмағының таралуы 15%-ды құрайды», - деді Ғиният.
Министр атағандай, темекіні тұтынуды азайту үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциздің ставкалары көтерілді.
«Тұтынудың электрондық жүйелерінің (вейптер), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салуды енгізу бойынша Мәжілісте Заңға өзгерістер қарастырылды. 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды енгізу жөніндегі норманы талқылау рәсімі жүргізіліп жатыр», - деді ол.