Алматы шағын және орта кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы атанды

ШОБ секторындағы барлық тіркелген компаниялардың 17% - ы Алматыға тиесілі. Мұндай деректерді рейтингтік Ranking.kz. агенттігі береді. Ал Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ақпаратты растап отыр, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы шағын және орта кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы атанды
фото: Алматы қаласының әкімдігінен

Агенттік сарапшылары Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар сегментінің жағдайына талдау жүргізді. 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 2,1 млн ШОБ субьектісі тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары небәрі 1,9 млн.

«ҚР-дағы ШОБ субъектілерінің саны бойынша абсолютті көшбасшы республиканың қаржы орталығы және мәдени астанасы Алматы болып табылады. ҚР бойынша сектордың барлық тіркелген компанияларының 17% - ы Алматыға тиесілі: 368,6 мың», - делінген агенттік хабарламасында.

Қазақстандағы белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жартысына жуығы үш облыста: Алматы (47 мың), Астана (30,9 мың) және Қарағанды облысы (9,8 мың). Белсенді шағын компаниялардың ең азы жаңадан құрылған Ұлытау облысында: бар болғаны 1 мың.

Барлық белсенді шағын бизнес субъектілерінің төрттен бірі дерлік сауда және автокөлік пен мотоциклдерді жөндеу саласында жұмыс істейді: 45,2 мың компания — 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 13,8 пайызға артық.

Сондай-ақ, білім беру (17,1 мың кәсіпорын), құрылыс (15,5 мың) және кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (14,2 мың) салаларында да көп.
Өткен жылмен салыстырғанда сауда және автожөндеу саласында айтарлықтай өсім байқалды. Белсенді шағын кәсіпорындар саны 5,5 мыңға көбейді. Құрылыс саласындағы белсенді шағын кәсіпорындар саны 287-ге ғана азайып отыр.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 148540 бірлікті құрап, 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 146883 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 111219 құрады, оның ішінде 109671 бірлік – шағын кәсіпорындар.

2023 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 116,5% құрады.

2023 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 3525,8 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 106,2% құрады (салыстырмалы бағада).

2023 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 9455,6 млрд. теңгені немесе 2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 120,3% құрады (салыстырмалы бағада).

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-дағы ШОБ субъектілерінің саны бойынша абсолютті көшбасшы республиканың қаржы орталығы және мәдени астанасы Алматы болып табылады. ҚР бойынша сектордың барлық тіркелген компанияларының 17% - ы Алматыға тиесілі: 368,6 мың.