Батыс Қазақстан облысында тасжолда болған жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты.
Бұл туралы «Мой город» порталы жазды.
Белгілі болғандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 22 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Орал-Кирсанов жолында, Спартак ауылына жақын маңда болған.
БҚО ПД мәліметінше, ВАЗ-21012 мен Lada Granta көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болғандардың денесін құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен шығарған. Оқиға орнында ведомствоның жеті қызметкері жұмыс істеді.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.