Ақтөбеде 24 жыл жасырынған ресейлік кісі өлтіруші ұсталды

Ақтөбе полицейлері ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынған қылмыскерді ұстады, деп хабарлады Paryz.kz.  

Ақтөбеде 24 жыл жасырынған ресейлік кісі өлтіруші ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, криминалдық ПБ қызметкерлері 3 адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстаған.

Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап, өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттерін өртеп, көміп тастаған, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.