Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда жиһаз бағасы қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде жиһаз бағасы 19 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Paryz.kz Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда жиһаз бағасы қымбаттады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысында елімізде 51,7 млрд теңгенің жиһазы шығарылды. Бұл көрсеткіш құндық мәнде 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2 пайызға жоғары.

Өңірлер арасында Алматы қаласында ең көп жиһаз өндірілді. Қалада шығарылған жиһаз 13,7 млрд теңгеге бағаланады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14 пайызға көп.

Екінші және үшінші орындарда Қарағанды (1 жылда 57,9 пайыз өсіммен 4,9 млрд теңге) және Алматы (58 пайыз өсіммен 4,7 млрд теңге) облыстары тұр.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысында жергілікті компаниялар металл орындықтар мен отыруға арналған өзге де жиһаздармен ішкі нарықты 32,6 пайызға қамтамасыз етті.

Отандық компаниялар кеңсеге арналған ағаш жиһазбен — 77,3, сауда-саттыққа арналған жиһаздармен — 67,5, ас үй жиһазымен — 63, матрастармен 56,9 пайызға қамти алды.

Осы жылдың тамыз айының қорытындысында жиһаздар мен тұрмыстық заттао бағасы бір жылдың ішінде 19,2 пайызға қымбаттады.

Қымбатшылық Шығыс Қазақстан (+33,1 пайыз), Ақмола (+31,1), Қарағанды (+29,6), Алматы (26,6) және Қостанай (+25,9) облыстарында байқалды.

Ең төмен өсім Маңғыстау облысында тіркелді: 4,3 пайыз.