Павлодарда мектеп директоры заң бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. .
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған ауылдық орта мектептің директорына қатысты әкімшілік іс қаралды.
«Іс материалдарына сәйкес, 15 қыркүйек күні мектеп басшысы көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған. Сот отырысында құқық бұзушы алкогольдік ішімдік ішпегенін айтып, кінәсін мойындамады. Ал сотта жүргізушінің уәждері сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, лауазымды тұлғаның түсініктемесімен және бейнежазбамен жоққа шығарылды», - делінген хабарламада.
Сот қаулысымен ол ҚР ӘКБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Әрі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.