Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматылық жастардың бизнес идеяларына қолдау бар

Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 682 мыңнан астам жас тұрады. Оның 47,8 мыңы – NEET жастары. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде биыл 8 жастар комюнити-орталығы іске қосылады. 

Алматылық жастардың бизнес идеяларына қолдау бар
фото: пресс-служба акимата

2025 жылдың соңына дейін олардың саны 16-ға дейін жеткізіледі. Осы орайда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев алматылық жастардың бизнес идеяларына қолдауын барын айтып, 4 жастар нысаны бойынша жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев келешекте комюнити-орталықтар жастарды қызықтыратын орынға айналатынын атап өттті. NEET санатымен жұмысты жаңа деңгейге шығарады, олардың жеке есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі шеңберінде әзірленген комюнити-орталықтардың тұжырымдамасы – орталықтардың білім беру, іс-шаралар, мәдени және психологиялық бағдарламалары есебінен жастарды мүдде, әлеуметтік-мәдени бағдарламалау бойынша біріктіру.

NEET жастарымен жұмыс істеудегі маңызды мәселелердің бірі – инфрақұрылымның толық болмауы. Біздің республика тәуелсіздік алғаннан кейін жастармен жұмыста жаңа сын-қатерлер пайда болды. Егер оқушы және экономикалық белсенді жастармен жұмыс білім беру мекемелерінің қабырғаларында және жұмыспен қамту орындарында жүргізілсе, онда NEET санаты іс жүзінде артта қалады. Сондықтан біз жастардың осы санатына ерекше назар аударамыз, – деді Арман Қырықбаев.

Салынып жатқан комюнити-орталықта үй-жай TikTok-аймақтар, медиа кеңістік және үйірмелер, әртүрлі мәселе бойынша жастарға кеңес беру және Open space аймағы, сондай-ақ психолог және заңгер кабинеттері, келіссөз, дәріс, семинар өткізуге арналған бөлме, қазақ тілін оқыту және IT-сабағын өткізетін кеңістік болады. Салынатын комюнити-орталықтардың жалпы ауданы 300-500 шаршы метрді құрайды.

Арман Қырықбаев ҚБТУ-да салынып жатқан жатақханада болып, 980 жаңа төсек-орынды, сондай-ақ өзекті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту орталығын көріп қайтты. Жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес жаңа жатақхананы 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Біздің жоспарымызда студенттік жатақханалардағы орын тапшылығын 2025 жылға қарай 12 мыңға және 2030 жылға қарай тағы 20 мың орынға төмендету. Бүгінде қалада 95 жатақхана жұмыс істейді, онда 31 мыңнан астам студент тұрады. Тапшылық 32 мыңнан астам төсек-орынды құрайды. Жатақханаларды салу бойынша жұмысты тиімді үйлестіру үшін биыл наурыз айында әкімдік Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсені іске қосты, оны іске қосқан сәттен бастап 100-ден астам әлеуетті инвестор жүгінді, – деп түсіндірді әкімнің орынбасары.

Алматының даму бағдарламасының жол картасы аясында биыл 2 мың орынға арналған жатақхана салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 42 жоба бар, оның 28-і жаңа жатақханалар салуды, 14-і жатақханалар ретінде жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңартуды көздейді. 67 инвестордың жобасы бойынша жер учаскесін іздеу жүргізілуде. Жыл соңына дейін 3 939 орынға арналған 16 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде оқу жылының басында 1 550 орынға арналған 6 нысан қайта жаңарту жолымен іске қосылатын болады. Осылайша, жоспар 2 есе орындалады.