Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

БҚО-дағы 6 адамның өліміне қатысты тың дерек шықты

Батыс Қазақстан облысында 6 адамның өмірін қиған көлік апатына қатысты тың дерек шықты, деп хабарлады «Мой город» порталы.

БҚО-дағы 6 адамның өліміне қатысты тың дерек шықты

Жантүршігерлік көлік апаты 17 қыркүйекте кешкі сағат 19:00 шамасында Самара – Шымкент тасжолында болған. Lada Priora мен жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан 34 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел мен олардың 4 баласы көз жұмды.

БҚО ПД басшысының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин көлік апатының қалай болғанын айтып берді.

Жүк көлігі Ақтөбеден жолға шыққан. Оны 37 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Ол ішімдік ішпеген. Lada Priora Сырым ауданынан Круглоозерный кентіне бара жатқан. Жеңіл автомобильде күйеуі мен әйелі және олардың 4 баласы болған (Олар – 11, 10, 5 жаста және 1 жасар сәби). Ондағы жүргізуші мен Lada Priora-дағы барлық жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен, - деді ол. 

Оның пікірінше, Lada Priora жүргізушісі қалғып кеткен немесе назары басқа нәрсеге ауған. Себебі көліктің алдында басқа автомобиль болмаған әрі ол ешкімді басып озбаған.

Бізге ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл көліктің жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін көргенін, тіпті соққыдан құтылуға әрекет жасағанын айтып берді. Көліктің дабыл түймесін басып, жарықпен белгі берген. Алайда ол көлік апатынан құтыла алмады. Lada Priora жүк көлігінің тіркемесіне соғылды. Соққыдан кейін жүк көлігі аударылды, - деді Жанболат Жаншин.

Ол қаза тапқан отбасының бір баласы қалғанын айтты. Қаладағы мектептердің бірінде оқиды екен. Оның ата-анасы мұғалім болған.