Еліміз Тәжікстанның 50-ге жуық шалғай ауылын интернетпен қамтамасыз етпек

Еліміздің мамандары Тәжікстан Республикасының жекелеген ауылдық елді мекендерін «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесін пайдалана отырып интернетпен қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Paryz.kz Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еліміз Тәжікстанның 50-ге жуық шалғай ауылын интернетпен қамтамасыз етпек
Коллаж: Azattyq Ruhy

Ведоствоның хабарлауынша, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ мен «Нет Солюшенс» ЖШҚ (Тәжікстан Республикасы) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту шеңберінде «KazSat-3» ғарыш аппараты арқылы Тәжікстан Республикасының 10 ауылдық елді мекенінде пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Техникалық мәселелер пысықталды. Пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша еліміздің 50-ге жуық шалғай ауылдарында Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда», - делінген хабарламада.