Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Дикий Арман» ісі: жәбірленушілер өміріне қатер төнгені айтылды

Бүгін Алматыда Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) пен басқа да айыпталушылардың ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Дикий Арман» ісі: жәбірленушілер өміріне қатер төнгені айтылды
Фото: stan.kz

Алматы соттарының баспасөз қызметі хабарлағандай, бірқатар жәбірленуші, кейбір айыпталушылар мен олардың адвокаттары, сондай-ақ куәгерлер сотты жабық есік жағдайында өткізу туралы өтініштерін жолдаған.

«Олар өз өмірлеріне, отбасылары мен жақындарының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Сонымен қатар сот адвокат пен айыпталушының прокурорларды сайлау құқығынан айыру туралы өтінішін қанағаттандырмады», - делінген сот хабарламасында.

Айта кетсек, сотталушылардың қатарында 45 адам бар. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 362 (билікті немесе өкілеттікті асыра пайдалану), 262 (қылмыстық топты, қылмыстық ұйымды құру және басшылық жасау, оған қатысу), 272 (жаппай тәртіпсіздік), 191 (тонау), 126 (заңсыз бас бостандығынан айыру) 268-баптары (бандитимз) бойынша айып тағылған.