Семейде көшеде қолына пышақ ұстап тұрғындарды қорқытқан әйел ұсталды

Семей қаласында көшеде қолына пышақ ұстаған әйел адам тұрғындарды қорқытты, деп хабарлайды. Paryz.kz. 

Семейде көшеде қолына пышақ ұстап тұрғындарды қорқытқан әйел ұсталды
Фото: inform. kz

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі Перинаталдық орталық маңында қолына пышаққа ұқсайтын зат ұстаған әйел өтіп бара жатқан адамдарды қорқытқан.

«Полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік учаскені аралау кезінде сол әйелді байқады. Азаматтардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзған 34 жастағы қала тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Сарапшының қорытындысы әйелден тәркіленген заттың суық қару екендігін растады», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.