Сот «Дикий Арманға» қатысты сот процесіне адвокаттардың қатыстырылмауын жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық сот процесіне адвокаттардың кіруіне рұқсат бермегені туралы ақпарат пайда болды. Сот оның шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Сот «Дикий Арманға» қатысты сот процесіне адвокаттардың қатыстырылмауын жоққа шығарды
Фото: inform. kz

Соттан мәлім еткендей, процестің барлық қатысушысына №72 мекеме ғимаратына кіру және өту орны, бағыты туралы алдын ала хабарлама жіберілді. Бірқатар адам сотталушыларды әкелетін қызметтік кіреберістен өтуге тырысты.

Оларға мекеменің негізгі бақылау-өткізу пункті арқылы кіру сызбасы қосымша түсіндірілді. Отырыс ашық режимде өтетіндіктен, ноутбук, планшет және басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбаған.

Құрылғыларды пайдалануда техникалық мәселе туындауы мүмкін, өйткені тергеу изоляторында ұялы байланыс шектелген.

«№ 72 мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжат тексеріледі», - делінген Алматы сотының хабарламасында.