Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды деген Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдемесіне қатысты сұраққа жауап берд, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Үкімет отырысынан соң өтіп жатқан баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі министрге «Астана интернет жылдамдығы жағынан Токиодан бөлек, тағы қандай қалалардан озық тұр? Кейін сізге петиция жарияланғанын білесіз бе?» деп сұрақ қойды.
«Петицияны көрдім. Ал бәсеке мен рейтинг жайлы айтар болсақ, рейтинг көпшілікке белгілі әрі бәріне қолжетімді. Сондықтан бірнеше сайтқа кіріп рейтингті қарауға болады. Егер қажет болса, сізге сілтемесін жіберейін», - деді Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, министрлік тек ресми рейтингке сүйенеді.
«Интернет сапасы бойынша сұрақтар бар ма?» деп сұраңыз, иә бар. Мен интернет сапасына қатысты мәселені мойындаймын. Сол себепті біз операторларға нақты тапсырма береміз. Сондай-ақ ай сайын бақылау жүргіземіз. Олардың сапасын және базалық стансаларды уақытылы тұрғызуын қадағалаймыз», – деді ведомство басшысы.