Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді

Биыл қарашада Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға келеді
Фото: kaztag.kz

Айта кетейік, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға ресми сапармен келді.

Кездесу барысында Түркия басшысының Қазақстанға ресми сапармен келетіні айтылды.

«Биыл 3 қарашада жоспарланған Түркі мемлекеттер ұйымының саммитіне Президент Режеп Тайып Ердоған мырзаның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы деп айта аламыз», - деді министр.