Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Аталған оқиғаға ІІАлматы қалалық полиция департаменті қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.