Аталған оқиғаға қатысты Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі өз пікірін білдірді. Полицейлердің айтуынша, қызметтік борышын өтеп жүрген сарбаз Нұрғасыр Темірбеков шекара сымы үстіне құлап қайтыс болған.
«Биыл 4 қыркүйекте 11 сағат 41 минутта Атакент жедел жәрдем бөлімі 2037 әскери бөлімінде қызметте болған Қызылорда обылысының тұрғыны 2004 жылғы Темірханов Нұрғазы Мэлсұлы қайтыс болғаны жайлы хабарлаған. Аталған хабарламаны тексеру барысында 4 қыркүйекте сағат 08:30 шамасында Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты шекара белгісі №190, №38 учаскеде өзінің қызметтік борышын атқарып жүрген Қызылорда облысы Жаңа қорған ауданы А.Мұхаммеджанов көшесі №8 үй тұрғыны 2004 жылғы Темірбеков Нұрғасыр Мэлсұлы шекара сымы үстіне құлап түсіп қайтыс болғаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 156-бабы 3-бөлігі көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін дәлелдейтін жеткілікті деректердің бар екенін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 179, 184-баптарына сәйкес осы факт 04.09.2023 жылғы, уақыты (11 сағат 41 минутта) №235143031000321 болып Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін тіркеу жүргізіледі» - делінген Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі келтірген мәлімдемеде.