Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылындағы 2037 әскери бөлімшесінде қызметте болған сарбаз қайтыс болды. Оның өз үйіне қайтуына 10 күн қалған, деп хабарлайды Paryz.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған оқиғаға қатысты Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі өз пікірін білдірді. Полицейлердің айтуынша, қызметтік борышын өтеп жүрген сарбаз Нұрғасыр Темірбеков шекара сымы үстіне құлап қайтыс болған.
«Биыл 4 қыркүйекте 11 сағат 41 минутта Атакент жедел жәрдем бөлімі 2037 әскери бөлімінде қызметте болған Қызылорда обылысының тұрғыны 2004 жылғы Темірханов Нұрғазы Мэлсұлы қайтыс болғаны жайлы хабарлаған. Аталған хабарламаны тексеру барысында 4 қыркүйекте сағат 08:30 шамасында Мақтаарал ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты шекара белгісі №190, №38 учаскеде өзінің қызметтік борышын атқарып жүрген Қызылорда облысы Жаңа қорған ауданы А.Мұхаммеджанов көшесі №8 үй тұрғыны 2004 жылғы Темірбеков Нұрғасыр Мэлсұлы шекара сымы үстіне құлап түсіп қайтыс болғаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 156-бабы 3-бөлігі көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілерін дәлелдейтін жеткілікті деректердің бар екенін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 179, 184-баптарына сәйкес осы факт 04.09.2023 жылғы, уақыты (11 сағат 41 минутта) №235143031000321 болып Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін тіркеу жүргізіледі» - делінген Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі келтірген мәлімдемеде.