Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Алаяқтар министрліктің «бұйрығымен» халықты алдауға кірісті

Әділет министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан бұйрықтың фейк екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алаяқтар министрліктің «бұйрығымен» халықты алдауға кірісті
Фото: Pexels

Желіде қойылған қолма-қол ақша қаражатын сақтау жөніндегі есептілік туралы "бұйрықтың" көшірмесі тарады. Алаяқтар әділет министрлігінің есікірген эмблемасын да қолданған.

"Министрліктің ескірген эмблемасы қойылған қолма-қол ақша қаражатын сақтау жөніндегі есептілік туралы ақпараттың жалған екендігін ресми түрде мәлімдейді. Құжатта көрсетілген әділет вице-министрі Алма Мұқанованың қолы емес", - делінген ресми хабарламада.

Министрлік мамандары өзге тұлғаларға дербес мәліметтерді бермеу қажеттігін ескертті. Ал қосымша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар "119" нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.