Әлеуметтік желіде өскемендік азаматтың өз көлігіне ақ бояумен «Z» белгісін салып алған видеосы тарады, деп хабарлайлы Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Кадрлардан арандатушылықты тудырған жүргізушінің өз әрекетін оғаш деп санамайтынын байқауға болады.
Десе де, біраз уақыттан кейін ол белгіні өшіріп, кешірім сұрады.
Ер адам көлігіне «Z» белгісін салуын өз тегінің сол әріптен басталатынымен түсіндірді.
«Мен өз көлігімнің сыртына "Z" әріпін жазып қойдым. Себебі менің тегім Зиновьев. Көліктің есігін ауыстыруым керек болған кезде жазылған еді. Оны айырбастау ұзаққа созылды. Сол үшін де тұрып қалды. Қазір мен оны өшіріп тастадым», - деді Зиновьев.