Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды" - ДСМ

"Өйткені сырқаттану деңгейінің өсуі толқын тәрізді", - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ОКҚ брифингінде.

"Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды" - ДСМ
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстандағы коронавирустың екінші толқыны туралы айтты, деп хабарлады paryz.kz.

Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қатысты жағдай соңғы бір айда нашарлаған.

"Біз қазірдің өзінде коронавирустың екінші толқыны жүріп жатқанын түсінеміз. Біз оны бірінші, екінші толқын деп бөлмейміз. Шын мәнінде аурудың өсуі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты көзқараспен бақылап отырмыз деп айтуға болады. Мұнда өсу байқалады. Біз екінші толқынның даму сатысындамыз деп айтуға болады. Өйткені сырқаттану деңгейінің өсуі толқын тәрізді", - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ ол "бұғаттау туралы да мәселе жоқ" деп жауап берді. Айтуынша, әзірге "қызыл аймақта" тек екі аймақ бар. Қалғандары - "сары аймақта".