Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: 14 қызметкер жазаға тартылды

Ақмола облысында колониядағы сотталушыны азаптау дерегіне қатысты тергеу нәтижесінде 14 қызметкер қызметінен босатылды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: 14 қызметкер жазаға тартылды
фото: Sputnik

Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлім етті.

«Әлеуметтік желілерде орналастырылған бейнежазба бойынша Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің арнайы құралдарды қолдана отырып, заңды талаптарына бағынбау фактілерінің жолын кесу кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайынан асып кету белгілері байқалатынын хабарлаймыз.

Жүргізілген қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және оның орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқаратын лауазымдарынан шеттетуге ұсынылды. Сонымен қатар құқықбұзушылыққа қатысы бар 11 қызметкер ІІО-дан теріс себептермен жұмыстан шығаруға ұсынылды», - делінген комитет хабарламасында.

Қазіргі уақытта прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.