Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты іс сотқа түсті

Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) мен Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдары Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге қатысты іс сотқа түсті
Коллаж: Halyq Uni

Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегенін анықтады.

«Дикий Арман» тәртіпсіздік ұйымдастырып, көпшілікті бақылауға алуы қажет болған. Сондай-ақ билікке талап қою үшін «халық кеңесін» құру туралы тапсырма алған.

«Оған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, Махатов криминалдық тобының белсенді мүшесі белсенді көмектесті. Ол Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған. Алайда олар жаппай наразылықты басқара алмады. Адамдар олардың артынан ермеді», - деді Асылов.

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ұсталғанын естіген соң, қылмысқа қатысы жоқ екеніне сендіру мақсатында содырларға тонаумен күресу үшін қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылды.

Осы мақсатта 6 қаңтарда олар «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып, ұстады.

Кейін оларды қаланың шетіне апарып, ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерде түнеткен.