Астаналық мектепте оқушылар тапталып қала жаздады

Астана қаласының білім басқармасында елордалық мектептің дәлізінде балалардың топтап жиналып, басылып қалған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Астаналық мектепте оқушылар тапталып қала жаздады
Фото: видеодан скриншот

Видеода жүзден астам бала мектеп дәлізіне жиналып қалған. Оқушылар бір-бірін итеріп, қысып тастаған. Балалардың не деп жатқанын естіп-білу мүмкін емес, бірақ ересектер оларға жағдайды түсіндіруге тырысып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желілердегі басқа видеода көпшіліктің бірі "көмектес" деп айқайлап жатқанын естуге болады.

Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі видеоның № 71 мектеп-лицейінде түсірілгенін хабарлады. Мектеп үш ауысымдық режимде жұмыс істейді екен.