Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақтөбе облысының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің Жарлығымен Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
Айта кетсек, бұған дейін Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысының бұрынғы әкімдері қызметінен кеткен еді.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды, – деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.