Алматыда ірі жол апатын жасаған жүргізуші оқиға орнынан жаяу қашып кеткен, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
5 қыркүйекте түнгі сағат 1:35-те Әуезов ауданында ірі жол апаты болды.
«Мерседес» көлігі Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, «Ниссан», «Мерседес», «Тойота Ленд Крузер Прадо», «Шевролемен» соқтығысқан. Жүргізуші оқиға орнынан жаяу қашып, жасырынып үлгерген.
Бүгінде жүргізушінің кім екені анықталды. Оны ұстауға тиісті шаралар қабылданып жатыр. Көлік апатынан «Ниссан» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Деректі Әуезов ауданы полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады, - деп жазылған хабарламада.