Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болды

Бұрынғы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болды
Сурет: primeminister.kz

Тағайындау туралы тиісті жарлық 2023 жылғы 5 қыркүйекте Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген ресми хабарламада.

2019 жылғы наурыздан бастап Ақмола облысының әкімі қызметін Мемлекет басшысы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі етіп тағайындаған Ермек Маржықпаев атқарып келді.

Марат Мұратұлы Ахметжанов 1964 жылы Жезқазған облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласы прокуратурасында тағылымгер, кейін тергеуші болып бастаған.