Шымкентте мәслихат депутаттары бүгін, 5 қыркүйегінде өтетін жиынға шақырылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қалалық мәслихат депутаттарының отырысын өткізу туралы хабарландыру мәслихаттың интернет-ресурсында жарияланған:
"Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының назарына:
Облыста орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру ережесінің 5.6-тармағына сай, Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығымен бекітілген Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының отырысы өтеді.
Күн тәртібі: Шымкент қаласының әкімін тағайындауға келісім беру туралы.